Грекияның Афина қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңі аяқталды. Бұл сында Қазақстан намысын Эльжана Таниева қорғады.

Таниева көпсайыс қорытындысы бойынша 9-орын иеленді. Ол төрт жаттығуды есептегенде 123.250 ұпай жинаған.

Көпсайыста болгариялық Эльвира Краснобаева (131.100) жеңіске жетті. Күміс медальді тағы бір Болгария спортшысы Ева Брезалиева (130.350) иеленген.

Қола медальді белоруссиялық Алина Горносько еншіледі.

Сондай-ақ, Эльжана Таниева таспамен жаттығудан финалға шығып, жетінші орын алды (29.200).

Еске сала кетейік, биылғы маусымды Таниева алтын медальмен ашқан болатын. Ол Испанияның Марбелье қаласында өткен Гран-при турнирінде доп жаттығуы бойынша жеңімпаз атанды.