Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA-1000 турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төртінші айналымдағы кездесуде Рыбакина (4) әлемнің 18-ракеткасы Мэдисон Кисті 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылды.