Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы UFC чемпионы, қазір Даңқ залының мүшесі, америкалық Дэниель Кормье, ресейлік Ислам Махачев үшін ең қиын екі қарсыласты атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Чемпионатқа сілтеме жасап.

«Топ-10 қатарына кіретін кез келген файтер жақсы жекпе-жек өткізеді. Бірақ, шынын айтқанда, Арман Царукян мен Матеуш Гамрот Ислам үшін ең қиын қарсыластар», - деді Кормье өзінің YouTube арнасында.

Царукян желтоқсанда UFC on ESPN 52 турниріндегі кейінгі жекпе-жегінде америкалық Бенейл Дариушты бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Гамрот наурыз айында өткен UFC 299 турнирінде бразилиялық бұрынғы чемпион Рафаэль дос Аньосты төрешілер шешімімен жеңген болатын.