«Барселона» команданың жас қорғаушысы Эктор Фортты сатудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Mundo Deportivo мәліметінше, 17 жастағы Форттың трансфері үшін каталониялық командаға 35 миллион еуро төлеуге дайын болған. Қорғаушыға қай клуб қызығушылық танытқаны туралы мәлімет жарияланбады. Фонттың «Барселонамен» келісімшарты келесі жылға дейін есептелген.

Осы маусымда Эктор Форт «Барселонаның» негізгі командасы сапынжа 7 матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді.