Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ұлттық командадағы болашағы жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 наурызда Қазақстан құрамасы ЕУРО-2024 қосымша іріктеуінің жартылай финалында Грекиядан 0:5 есебімен жеңілген еді. Енді 26 наурызда Адиевтің шәкірттері Люксембургпен жолдастық матч өткізеді.

— Бар ойым алдағы матчта. Тек соны ойлап жүрмін.

— Ресейден ешқандай ұсыныс түспеді ме?

— Ойынды өткізуім керек, сосын федерация президентімен талқылаймыз.

— Өзіңіз нақты шешім қабылдадыңыз бе әлде ойланып жүрсіз бе?

— Тек осылай жауап бере аламын, — деп келтіреді Адиевтің сөзін «РБ Спорт».