«Тобыл» клубының және Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Нұрғайни Бөрібаев ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 жастағы жартылай қорғаушыға бесінші жіліншік сүйегінің сынуы диагнозы қойылды. Бөрібаевтың сауығып кету уақыты туралы хабарланған жоқ.

Оның Шотландия жастар құрамасына қарсы ойынға қатыса алмағаны және алдағы Венгрияға қарсы ойынға қатыспайтыны белгілі болды. Сол себепті ол «Тобылдың» «Қызылжарға» қарсы ойынын өткізіп алады.