UNDERDOG спорт агенттігі UFC GYM Kazakhstan компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz

Қос тарап 5 жылға жарамды келісімшарт жасады, бұл туралы олар Instagram желісінде хабарлады:

Айта кетейік, UFC-дің әлемдік бренді әрі серіктесі саналатын танымал UFC GYM фитнес-клубтар желісі жақында Қазақстан нарығына шығады, 2024 жылдың жазына ресми ашылуы болады.

UNDERDOG спорт агенттігінің клиенттері қатарында Азат Мақсұм, Бекзат Алмахан, Қайрат Ахметов, Артем Резников, Лео Хигуита, Анджелина Лукас және т.б. қазақстандық спортшылар бар.