Осы маусымдағы әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталып, оның қорытындысы бойынша алматылық «Айсұлу» командасы тағы да ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты golovoi_ob_led - ке сілтеме жасап.

«Алматылық «Айсұлу» хоккей командасы қыздар арасында хоккейден Қазақстанның жаңа чемпионы атанды!!! Бұл клубтың өз тарихындағы 18-алтын медалі», - делінген хабарламада.