Қазақстандық, әлемнің 191-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Сан-Луис-Потоси (Мексика) челленджер турнирінің іріктеу сайысында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Іріктеу сатысында 1-ракетка болып тіркелген Бейбіт Жұқаев бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 825-орында тұрған мексикалық Алан Фернандо Рубио Фьерростың мысын басты.

Қазақстандық теннисші 6:4, 7:6 (7:0) есебімен жеңіске жетті.

Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында рейтингіде 476-сатыдағы германиялық Эльмар Эюповичпен кездеседі. Оны ұтса, негізгі жарысқа жолдама алады.