25 наурызға қараған түні КОНКАКАФ Ұлттар лигасының финалы өтті. Титулды АҚШ пен Мексика құрамалары сарапқа салды.

Матч 2:0 есебімен АҚШ-тың пайдасына аяқталды. Жеңімпаз команданың сапынан гол соққандар: Тайлер Адамс пен Джованни Рейна.

Еске салайық, үшінші орын үшін матчта Ямайка Панаманы 1-0 есебімен жеңді.