Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) Грузияның Тбилиси қаласында өтетін Grand Slam сериясы турнирінің қола медалі үшін күреседі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ширек финалда қазақстандық спортшы грузиялық Ираклий Деметрашвилиден басым түскен. Жартылай финалда тағы бір Грузия өкілі Гурам Тушишвилиден жеңілді.

Кіші финалда Қажыбаев Саба Инанеишвилиге (Грузия) қарсы шығады.