Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) Тбилисиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола медаліне таласады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ширек финалда қазақстандық спортшы грузиялық Ираклий Деметрашвилиден басым түскен. Жартылай финалда тағы бір Грузия өкілі Гурам Тушишвилиден жеңілді.

Кіші финалда Қажыбаев Саба Инанеишвилиге (Грузия) қарсы шығады.