24 наурызда аралас жекпе-жектен UFC Vegas 89 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі жекпе-жекте жеңіл салмақта әйелдер арасындағы UFC-нің бұрынғы чемпионы Роуз Намаюнас бразилиялық Аманда Рибаспен кездесті.

Жекпе-жек бес раундқа созылып, төрешілер шешімімен америкалық жеңіске жетті.

Бұл Намадюнастың 2023 жылдың қыркүйегінен бергі алғашқы жекпе-жегі болды. Америкалықтың еншісінде 15 жеңіс пен алты жеңіліс бар. Бүгінгі жекпе-жекке дейін ол бұған дейінгі екі кездесуінде қатарынан жеңілген болатын.