Альберт Паркте Формула-1 Австралия Гран-приі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңімпаз «Феррари» шабандозы Карлос Сайнс атанды. Мәреге екінші болып Шарль Леклер келді. Үздік үштікті «Макларен» шабандозы Ландо Норрис түйіндеді.

«Ред Булл» командасының шабандозы Макс Ферстаппен жарысты, тежегіштегі ақауларға байланысты тоқтатты.