24 наурызға қараған түні 2024 жылғы Америка кубогына қатысатын соңғы құрамалар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге соңғы болып Канада мен Коста-Рика құрамасы жолдама алды. Канада Тринидад және Тобагоны (2:0), ал Коста-Рика Гондурасты (3:1) жеңді.

Канада Аргентина, Перу және Чили құрамасымен бірге А тобына түсті. Ал Коста-Рика D тобында Бразилия, Колумбия және Парагваймен бірге ойнайды.

Америка кубогы — 2024

А тобы: Аргентина, Перу, Чили, Канада

B тобы: Мексика, Эквадор, Венесуэла, Ямайка

C тобы: США, Уругвай, Панама, Боливия

D тобы: Бразилия, Колумбия, Парагвай, Коста-Рика

Айта кетейік, Америка кубогы 20 маусым мен 14 шілде аралығында АҚШ-та өтеді.