Болат Сариев пен Сергей Васютин Австрия мен Норвегия құрамалары арасындағы U-17 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің элиталық раундында қазылық етеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Сариев матчты бас төреші ретінде басқарады, Васютин қаптал төрешілердің бірі болады. Қазақстандық қазыларға Солтүстік Македония төрешілері Даниэль Василевски мен Игорь Стойчевски көмектеседі.

Кездесу Австрияның Винер-Нойштадт қаласында 23 наурызда Астана уақытымен сағат 16:00-де өтеді.