«Барселона» вингер Ансу Фатиді «Брайтонға» тағы бір маусымға жалға беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Sport.es хабарлады.

Sport.es мәліметінше, екі тарапта бұл шешімді қолдап отыр. Каталониялықтарға қаржылық ережелерді сақтау үшін ойыншыны жалға беру тиімді. «Брайтон» ойыншыға үміт артып отыр.

Осы маусымда 21 жастағы испаниялық футболшы барлық турнирде 26 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Оның «Барселонамен» келісім шарты 2027 жылдың маусымына дейін есептелген.