Бүгін Қазақстан кубогының плей-офф кезеңіне шығу үшін SD Family пен «Жетісай» командалары арасында матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:1 есебімен астаналықтардың пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар қатарында Диас Әндірмаш пен Құдайберді Нарқұлов гол соқты. Ұтылғандар сапында жалғыз голды Дәурен Мәжитов соқты.

Осылайша, Қазақстан кубогының 1/8 финалында «SD Family» мен «Атырау» футболшылары өзара күш сынасады.