Еуразиялық жекпе-жек лигасы Алматыда OCTAGON 57 турнирі өтетінін жариялады, деп жазады Prosports.kz

19 сәуірде өтетін кеште Қазақстан мен Қытай файтерлері өнер көрсетеді, екі ел өкілдері өзара 6 жекпе-жек өткізеді.

Кештің негізгі кездесулерінде жеңіл салмақтағы чемпион Сүндет Айтқұл (7-1) қытайлық Хайтао Тимен (14-5), ал «қазақ сехудосы» Дамир Төленов (11-1) тағы бір қытайлық Цюлунмен (19-10) күш сынасады.

Сондай-ақ осы кеште қазақстандық файтер Аян Тұрсын (5-0) GAMMA MMA-2023 чемпионы қытайлық Хан Гуангмеймен (7-5) кездеседі.

OCTAGON 57 турниріндегі Қазақстан-Қытай текетіресінің толық тізімін мына жерден көруге болады:

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink