Қазақстандық файтер Арман Әшімов (12-4-1) Кобеде өтіп жатқан Rizin Landmark 9 турнирінде жапониялық Юсаку Накамуреден (19-10-1) жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек үш раундтқа созылып, төрешілер шешімімен жапониялық жеңіске жетті.

Бұл Әшімовтың Жапонияның әйгілі промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегі болды.

Айта кетейік, Әшімов 2022 жылдан бері жекпе-жек өткізбеген.