Шымкенттік «Ордабасы» гамбиялық 25 жастағы шабуылшы Дембо Дарбомен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz

Дембо «Шкупи», «Шахтер Солигорск», «Аль-Наср» (БАӘ), «Астана» клубтарында өнер көрсетті. 2020/21 маусымында ол 19 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді және гол+пас жүйесі бойынша Беларусь чемпионатының үздік бомбардирі және ойыншысы атанды.

Өткен маусымда Дембо Дарбо «Астана» сапында 42 матчта 11 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Еурокубокпен топтық кезеңіне шықты.

Осы уақытқа дейін Гамбия құрамасының сапында бес ойын өткізген.