Литваның Каунас қаласында өтіп жатқан турнирдің финалына төрт қазақстандық боксшы шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Студенттер арасындағы әлем чемпионы украиналық Данило Лозанмен кездескен Елнұр Сүйінбай (67 келі) өте тартысты шайқаста жеңіске жетіп, финалға шықты.

Фарух Тоқтасынов 71 келіге дейінгі салмақта украиналық Александр Трофимчукты нокаутқа түсірді. Әр раунд сайын қарқынын арттырған Фарух үш раундта да қарсыласына мүмкіндік қалдырған жоқ.

75 келі салмақта турнир қожайыны Арвидас Дайниспен кездескен Азамат Бектас төрешілер шешімімен ұтты

Тұрсынбай Құлахмет 80 келі салмақта украиналық Матви Ражбаны оңай жеңді.