Бүгін Бельгия жолдарында «E3 Saxo Classic» бір күндік веложарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың жеңімпазы Alpecin-Deceuninck командасындағы голландиялық Матье Ван дер Поэл болды.

Қазақстандық Глеб Брусенский 20-шы болып мәреге жетті. Глеб Сырица жарысты 53-ші, Евгений Федоров 65-ші, Макс Кантер 107-ші болып аяқтады. Мишель Гадзоли, Евгений Гидич және Рюдигер Зелиг мәреге жете алмады.