Литваның Каунас қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде бірден үш қазақстандық боксшы финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

57 келі салмақта өнер көрсеткен Асылжан Серікбай польшалық Павел Брахпен жекпе-жек өткізіп, бірауыздан жеңіске жетіп, финалға шықты.

60 келі салмақта Алмат Әбдуәли украиналық боксшы Тимур Бобошконы жеңді.

63,5 келі салмақта Жандос Қыдыралиев финалға шықты. Жартылай финалда жерлесіміз 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері шотландиялық Риз Линчті ұтты.