Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (әлемнің 273-ші ракеткасы) Хорватияның Задар қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясының жекелей арасындағы саз балшық турнирінде ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Австриялық спортшы Сандро Копппен (ATP рейтингі бойынша 392-ші нөмір) кездесуде қазақстандық теннисші үш сетте 4:6, 6:3, 6:4 жалпы есебімен жеңіске жетті.

Хорватиялық турнир матчы екі сағат 28 минутқа созылды.