Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексиканың Мерида қаласында өтіп жатқан турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Попко жекелей сындағы ширек финалда америкалық Тристан Бойермен (230-орын) кездесіп, 6:1, 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Еске салайық, бұған дейін Дмитрий аустралиялық теннисші Томас Фанкутты (749-орын) – 6:4, 7:5 есебімен жеңген еді, одан кейін АҚШ өкілі Алекс Рыбаковты (540-орын) матч өткізбей келесі айналымға шыққан болатын.