Осы күндері Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің финалында Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Серікбаев өнер көрсетті. 60 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Серікбаев израильдік Ям Волчактан басым түсті.

Осылайша Нұрқанат Серікбаев алтын медаль иеленді.

Еске сала кетейік, жартылай финалда қазақстандық спортшы әзербайжандық дзюдошы Балабай Агаевты жеңген болатын.

Фото: olympic.kz