Осы күндері Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы медалін еншіледі. Ұлттық құрама өкілі Ғалия Тынбаева 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш финалда испаниялық спортшы Мирея Лапуэрта Комосты жеңді.

Осылайша қазақстандық спортшы ел қоржынына қола медаль әкелді.

Бүгін тағы бір қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев алтын медаль үшін таласады.

Фото: olympic.kz