Бүгін Қазақстан кубогының алдын ала кезеңі аясында «Тараз» «Жас Қыран» командасына қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:0 есебімен «Тараздың» пайдасына аяқталды. Жалғыз голдың авторы Санжар Кемелбек атанды.

1/8 финалда тараздық клуб өз алаңында «Ордабасыны» қабылдайды.

«Тараз» — «Жас Қыран» 1:0

Гол: Кемелбек 117 (1:0)