Ресейлік Cloud9 командасы Counter-Strike 2-ден PGL Major Copenhagen 2024 турнирінің Elimination Stage матчында даниялық ECSTATIC командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Overpass картасындағы кездесу 13:3 есебімен аяқталды. Абай HObbit Хасеновтің командасы кезеңдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Келесі матчта Cloud9 ұжымы еуропалық G2 Esports командасымен кездеседі. Матч 22 наурызда Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Counter-Strike 2-ден PGL Major Copenhagen 2024 турнирі 17-31 наурыз аралығында Копенгагенде (Дания) өтіп жатыр. 24 қатысушы жалпы жүлде қоры 1,25 миллион долларды сарапқа салады.