Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Prosports.kz тілшісіне Қазақстан құрамасының Афиныда гректерден ірі есеппен жеңілуіне қатысты пікір білдірді.

«Маңыздысы – гол соқтық. Қай қақпаға соққанымыз маңызды емес. Маңыздысы – гол бар (күліп).

Бұл ірі жеңіліс маған тосынсый болды ма? Мен он жылдан бері футбол ойнай алмайтынымды айтып жүрмін. Біз ойнай алмаймыз. Испания не Португалия ақшасын күреске немесе боксқа құйып жатқанын көрдіңіз бе? Жоқ, себебі бұл олардың спорты емесін түсінеді. Бізде де солай», - деді файтер.

22 наурызға қараған түні Грекия құрамасы өз алаңында Қазақстанды 5:0 есебімен жеңген болатын. Бесінші голды қазақстандықтар өз қақпасына соғып алды.