Бүгін Грузия астанасы Тбилисиде Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) беделді «Үлкен Дулыға» сериясының турнирі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дәстүр бойынша алғашқы жарыс күні жеңіл салмақтағы дзюдошылар татамиге шығады.

Ерлер:60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйекенов66 келі: Әсет Қуанов, Сұңғат Жұбатқан

Әйелдер48 келі: Ғалия Тынбаева52 келі: Балнұр Әбдешова57 келі: Бақыт Құсақбаева

Тікелей трансляция Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де басталады. Эфир qazsporttv телеарнасында қолжетімді болады.