Қазақстандық файтер Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасының Грекиядан ойсырай жеңілгеніне байланысты әлеуметтік желіде пікірін жазды.

«Қазір ғана Қазақстанда футбол мерт болды! 8 жыл бұрын мені біреу тыңдағанда, бүгінгідей ұят тірлік болмайтын еді. Бізді әлемнің көзінше өлтірді!

Елдің абыройы үшін деп алдап келді. Бірақ іс жүзінде ұрлық қана. Мен айтқандай істемегенше футболымыздың болашағы жоқ! Ояныңдар! Ғажайып тек түсте болады», — деп жазды ол.