Осы маусымда Қазақстан Бірінші лигасына 16 команда қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші лигада 16 клубтың тоғызы өткен маусымда осы дивизионда өнер көрсетті. Премьер-лигадан екі клуб түсіп, төрт клуб Екінші лигадан көтерілді және бір клуб қайта жанданды.

Бірінші лига қатысушыларының толық құрамы: «Оқжетпес» (Көкшетау), «Каспий» (Ақтау), «Ақжайық» (Орал), «Қыран» (Шымкент), «Қайрат-Жастар» (Алматы), « Хан Тәңірі» «(Алматы), «Арыс», «Түркістан», «Тараз», «Екібастұз», «Ақтөбе Ж» (Ақтөбе), «Ұлытау» (Жезқазған), СД Отбасы (Астана), «Жетісай», « Алтай» (Өскемен) және «Қайсар-Жас» (Қызылорда).

Бірінші тур ойындары 2024 жылдың 4-5 сәуірінде өтеді.