OCTAGON лигасының баспасөз қызметі алдағы OCTAGON 57 турнирінің қорытынды постерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің басты кездесуінде жеңіл салмақтағы чемпион Сүндет Айткұл (7-1) қытайлық Хайтао Тимен (14-5) кездеседі.

Сондай-ақ «қазақ седхудосы» Дамир Төленов (11-1) Қытайдан келген тәжірибелі файтер Цюлунмен (19-10) жұдырықтасады.