«Челси» мен «Манчестер Сити» қаржылық фэйр-плей ережесін бұзғаны үшін кінәлі деп танылса, Премьер-Лигадан шеттетілуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы The Sun хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, тәуелсіз комиссия «Челси» ісін 2024 жылдың күзінде тексере бастайды. Клубқа әлі айып тағылған жоқ, бірақ Роман Абрамович кезінде жасалған қаржылық бұзушылықтар анықталды, агенттерге төлем клубта есепке алынбаған шоттардан төленген.

«Манчестер Ситиге» келетін болсақ, 2023 жылдың ақпанында клубқа қаржылық фэйр-плей ережелерін бұзғаны үшін 115 айып тағылды.

Бұзушылықтардың ауқымын ескере отырып, клубтар Премьер-Лигадан шығару сияқты санкцияға (егер кінәлі деп танылса) ұшырауы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Премьер-лиганың қаржылық ережелерді бұзғаны үшін «Ноттингем Форест» клубынан төрт ұпай шегерілген.