Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Дмитрий Шевченко Хабаровскінің «Амурымен» келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы хоккей клубының баспасөз қызметі хабарлады.

28 жастағы Шевченкомен жаңа келісім екі маусымға жасалған.

Бұрын «Авангард» және «Барыс» сапында өнер көрсеткен Шевченко осы маусымда «Амур» сапында 66 матчқа қатысып, 16 шайба соғып, 17 нәтижелі пас берді. ал плей-офф кезеңінде 4 ұпай (2+2) жинады.