Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексикадағы Челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дмитрий 1/8 финалда америкалық Алекс Рыбаковқа қарсы шығуы керек еді, бірақ АҚШ теннисшісі турнирден бас тартты.

Келесі кезеңде Попко Тристан Бойер (АҚШ) - Родриго Пачеко (Мексика) жұбының жеңімпазымен ойнайды.