Қазақстандық боксшылар Литваның Каунас қадасында өтетін Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирге қатысады. Оған әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы жиналады.

Халықаралық турнир 21-23 наурыз аралығында өтеді. Жарыста ел құрамасы сапында 11 боксшы бар.

Боксшылардың тізімі төмендегіше:51 келі: Даниял Сабит;54 келі: Нұрсұлтан Алтынбек57 келі: Асылжан Серікбай60 келі: Алмат Әбдуәли63,5 келі: Жандос Қыдыралиев67 келі: Елнұр Сүйінбай71 келі: Фарух Тохтасунов75 келі: Азамат Бектас80 келі: Тұрсынбай Құлахмет92 келі: Абзал Құттыбеков92 келіден жоғары: Аманат Сабырғали.

Боксшыларды жарысқа Жәміл Жүсіп, Бағдат Оңғарбеков, Закир Сафиуллин дайындады.А́льгирдас Шо́цикас 1953, 1955 жылдары екі дүркін Еуропа чемпионы атанған. Одан басқа көптеген жарыста жеңіс тұғырынан көрінді.