Петропавлдық «Қызылжардың» директоры Григорий Лория қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның орнына бұған дейін «Тобыл» мен «Оқжетпес» клубтарында осындай қызмет атқарған Николай Панин клуб басшысы болады.

Григорий Лория осыдан он жылдай бұрын – 2014 жылы қыркүйекте «Қызылжардың» директоры болып тағайындалған болатын. Осы уақыт ішінде оның жетекшілігімен команда бірінші лигадан ҚПЛ-ға көтеріліп, еурокубоктарда өнер көрсетті.