Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Задардағы (Хорватия) «Челленджер» сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымдағы ойында қазақстандық теннисші Италия өкілі Алессандро Джаннессимен кездесті. Кездесу 6-1, 6-2 есебімен Скатовтың пайдасына аяқталды.

Бұған дейін Скатов австриялық Деннис Новак кездесіп, 7:6 (7:5), 6:7 (5:7), 6:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Фото: Андрей Ударцев