Алматыдағы OCTAGON 57 турнирінде жеңілмеген қазақстандық ММА өкілі Аян Тұрсын (5-0) жекпе-жекте қарсыласын білді, деп жазады Prosports.kz.

Жеңіл салмақ бойынша OCTAGON лигасы чемпионының қарсыласы Қытайдан аймақтық ұйымдарда бақ сынаған 26 жастағы қытайлық Хан Гуанмей (7-5) болады.

Гуанмей 2017 жылы ММА бойынша Азия чемпионы, 2019 жылы әлем чемпионы, 2023 жылы GAMMA MMA бойынша әлем чемпионы атанды.