Қазақстандық теннисші Денис Евсеев британдық Ян Чойнскимен жұптық сайыста Мурсияда (Испания) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Евсеев пен Чойнски осы текетірестің айқын фавориттері саналған испаниялық Хавьер Барранко Косано мен Пабло Лламас Руиспен кездесті. Дегенмен қазақстандық және оның серіктесі сенімді жеңіске қол жеткізді – 6:1, 6:4.

Ширек финалда Денис Евсеев пен Ян Чойнски Тео Аррибадж (Франция) / Виктор Влад Корнеа (Румыния) - Айсам-ул-Хак Куреши (Пәкістан) / Давид Вега Эрнандес (Испания) матчының жеңімпаздарымен ойнайды.