Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф матчында Грекия құрамасымен матч өткізу үшін Афиныға жетті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі: «Қазақстан құрамасы Афиныға аман-есен жетті. Жоспар бойынша ертең баспасөз мәслихаты мен тренинг өтеді. Матч 21-нен 22-не қараған түні 00:45-те (жергілікті уақыт бойынша 20:45) матч басталады», - делінген федерация таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Грекия-Қазақстан кездесуінің жеңімпазы бұдан кейін 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазына қарсы ойнайды.