Дзюдодан 22-24 наурыз күндері аралығында Грузия астанасы Тбилисиде 83 елден 500-ден астам спортшының басын қосатын «Үлкен дулыға» бәсекесі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, 2023 жылы жерлестеріміз 1 күміс, 2 қоламен оралған болатын.Аталмыш жарыста ел намысын қорғайтын спортшылар:

Ерлер60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйеукенов66 келі: Есет Қуанов, Сұңғат Жұбатқан73 келі: Бақытжан Абдурахманов81 келі: Мәди Амангелді100 келі: Ислам Бозбаев+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай

Әйелдер48 келі: Ғалия Тынбаева52 келі: Балнұр Әбдешова57 келі: Бақыт Құсақбаева63 келі: Кристина Сотникова70 келі: Екатерина Токарева78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангельдина+78 келі: Кәмила Берліқаш, Карина Такиева