Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Словениямен жолдастық кездесуге қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес наурыз айындағы жолдастық кездесулерге қатысатын 32 ойыншының тізімін жасады. Оған Роналду да кірді. Дегенмен, «Аль-Наср» шабуылшысы Швециямен (21 наурыз) ойынға қатыса алмайды.

ESPN арнасының хабарлауынша, Роналдудың келмеуінің себебі 39 жастағы футболшы отбасымен Сауд Арабиясында демалыста жүргені.

Роналду Португалия құрамасына Словенияға қарсы жолдастық кездесу алдында (26 наурыз) қосылады.