17 наурызда Армения астанасы Ереван қаласында еркін күрестен аяқталған турнирде ақтаулық спортшы Камиль Куруглиев бірінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

15-17 наурыз аралығында Ереван қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында еркін күрестен халықаралық турнир өтті. Турнирге барлығы 12 мемлекет қатысты, оның ішінде: Қазақстан, Иран, Ресей, Грузия, Армения, Үндістан, Өзбекстан, Молдова, Беларусь, Италия, Франция және т.б.

Камиль Куруглиев 92 келі салмақта сынға түсті.— Ереванда 20 жасқа дейінгі Азия мен Еуропаның қазіргі чемпиондары кездесті. Камиль Куруглиев бірінші кездесуде 2023 жылғы 20 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы Армениядан келген Княз Ибоянды жеңді, ол сол жылы U23 Еуропа финалисті болды.

Екінші кездесуде қарсылас ирандық жастар арасындағы чемпион болды, кездесудің есебі 13-2. Финалда ол Беларусь спортшысын 7:3 есебімен жеңді.