Дзюдодан Қазақстан құрамасы Грузия астанасы Тбилисиде 22-24 наурызда өтетін әлемдік Grand Slam жарысына қатысады.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, әлемдік додаға 83 елден 500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.

Қазақстан құрамасының бапкерлері мына дзюдошыларға үміт артып отыр.

Ерлер:-60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйеукенов,-66 кг: Есет Қуанов, Сұңғат Жұбатқан,-73 кг: Бақытжан Абдурахманов,-81 кг: Мәди Амангелді,-100 кг: Ислам Бозбаев,+100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай.

Әйелдер:-48 кг: Ғалия Тынбаева,-52 кг: Балнұр Әбдешова,-57 кг: Бақыт Құсақбаева,-63 кг: Кристина Сотникова,-70 кг: Екатерина Токарева,-78 кг: Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина,+78 кг: Камила Берліқаш, Карина Такиева.