Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев Люксембургте өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Люксембургте мәнерлеп сырғанаудан Coupe du Printemps халықаралық турнирі аяқталды. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша қазақстандық Диас Жиренбаев алтын медальді (211,76 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлдені франциялық Корентин Спинар (190,50), қола жүлдені испаниялық Пабло Гарсия (178,38) жеңіп алды.

Жарысқа барлығы 23 елден 115 конькиші қатысты».