Футболдан Англия кубогының ширек финалында «Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпуль» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында 4:3 есебімен манчестерлік команда жеңіске жетті.

Кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталған, жеңімпаз овертаймда анықталды.

Англия кубогы. Ширек финал«Манчестер Юнайтед» (Манчестер) — «Ливерпуль» (Ливерпуль) — 4:3 (1:2)(1:0)

Гол соққандар: Мактоминей, 10. Антони, 86. Рэшфорд, 112. Диалло, 120. — Макалистер, 44. Салах, 45. Эллиотт, 105.

Алаңнан қуылды: Диалло, 120.